ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ АҚСУ АУДАНЫНЫҢ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ ММ
ТЕХНИКАЛЫҚ СПЕЦИФИКАЦИЯ
Суару каналдары бойынша инженерлік-геодезиялық және инженерлік-іздестіру жұмыстарын жүргізу қызметтері
1. ҚЫЗМЕТТІҢ АТАУЫ
Суару каналдары бойынша инженерлік-геодезиялық және инженерлік-іздестіру жұмыстарын жүргізу қызметтері.
2. ЖҰМЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ ОРНЫ
Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз, Баскан, Қарасу ауылдық округтері аумағында орналасқан қолданыстағы суару каналдарының трассалары мен жағалау жолақтары.
3. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Жұмыстар төмендегі суару каналдары бойынша жүргізіледі:
Қаракөз ауылдық округі:
| № | Каналдың атауы | Ұзындығы, км |
№
Каналдың атауы
Ұзындығы, км
1
Қоскыз каналы
6,0
2
Жобай каналы
12,2
3
Дирмен каналы
12,0
4
51 каналы
4,0
5
Жинишке каналы
6
Каскалдак каналы
10,0
7
Бескемпир каналы
5,0
| Қаркөз АО бойынша барлығы | 55,0 |
Қаркөз АО бойынша барлығы
55,0
Қарасу ауылдық округі:
Жанбобек каналы
11,0
Коскыз каналы
7,0
Каритоган
| Жансүгіров АО бойынша барлығы | 23,0 |
Жансүгіров АО бойынша барлығы
23,0
Баскан ауылдық округі:
Каратоган каналы
8,0
Отеген каналы
13,0
| Баскан АО бойынша барлығы | 21,0 |
Баскан АО бойынша барлығы
21,0
Жиыны
99,0
4. ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жұмыстардың мақсаты — қолданыстағы суару каналдарының нақты жай-күйін, жоспарлық-биіктік жағдайын, көлденең және бойлық пішіндерін, жағалау жолағындағы құрылыстар мен кедергілерді анықтау және кейінгі жобалау (реконструкциялау, тазарту, жөндеу, су пайдалануды оңтайландыру) үшін бастапқы инженерлік-геодезиялық және іздестіру материалдарын дайындау.
Негізгі міндеттер:
– канал трассаларын камералдық және далалық байқау, нақтылау;
– жоспарлық-биіктік геодезиялық негізді құру және дамыту;
– каналдардың бойлық профильдерін және көлденең қималарын түсіру;
– канал жолағындағы жергілікті жердің инженерлік-топографиялық түсірілімін орындау;
– гидротехникалық құрылыстарды, өткелдерді, су бөлу және су шығару тораптарын, құдықтарды, көпірлерді, құбырларды түгендеу және байлау;
– шөгу, құлау, шайылу, қамыс/өсімдік басу, құрылыс қалдықтары мен бұзылған учаскелерді тіркеу;
– техникалық есеп пен цифрлық модельді (ЦИММ) қалыптастыру.
5. ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН КӨЛЕМІ
Жұмыстар үш кезеңде орындалады: дайындық, далалық және камералдық.
5.1. Дайындық кезеңі
– Тапсырыс берушіден бастапқы деректерді алу (схемалар, бұрынғы түсірілімдер, кадастрлық деректер, су пайдалану құжаттары);
– қолданыстағы картографиялық, кадастрлық және архивтік материалдарды жинау және талдау;
– жұмыс бағдарламасын және қауіпсіздік техникасы жоспарын әзірлеу;
– координаттар мен биіктіктер жүйесін келісу;
– аспаптарды метрологиялық тексеруден өткізу (калибрлеу куәліктері).
5.2. Далалық кезең
5.2.1. Рекогносцировка және трассаны нақтылау. Әр канал бойынша бастапқы және соңғы нүктелер, бұрылыс бұрыштары, құрылыстар мен өзгерістер орны белгіленеді.
5.2.2. Жоспарлық-биіктік негіз. Мемлекеттік немесе қолданыстағы тірек желі пункттеріне байланған түсіру желісі құрылады. Пункттер тұрақты немесе уақытша белгілермен бекітіледі. Магистральдық жүрістердің ұзындығы мен дәлдігі ҚР ЕЖ 1.02-101-2014 талаптарына сәйкес қабылданады.
5.2.3. Бойлық нивелирлеу. Канал осі (немесе су айнасы сызығы) бойынша үздіксіз бойлық профиль түсіріледі. Пикетаж — 50 м, күрделі рельефте және құрылыстарда — 20–25 м, бұрылыс және өзгеріс нүктелерінде міндетті түрде.
5.2.4. Көлденең қималар. Әр 50–100 м сайын, сондай-ақ құрылыстарда, бұрылыстарда, шайылу/шөгу учаскелерінде көлденең қималар түсіріледі. Қима ені — каналдың екі жағалауынан кемінде 15–25 м (дамба, берма, резерв, сервитут жолағы мен жақын жер учаскесі қамтылады). Түбі, су жиегі, бровка, дамба қыры, іргелес жер беті өлшенеді.
5.2.5. Инженерлік-топографиялық түсірілім. Канал трассасы бойындағы жолақ: ені әр жаққа кемінде 25–50 м (нақты жағдайға қарай), масштабы 1:1000 немесе 1:2000, биіктік қимасы 0,25–0,5 м. Жағдайға: жолдар, қоршаулар, жерасты және жерүсті коммуникациялар, құрылыстар, өсімдік, су айдындары кіреді.
5.2.6. Құрылыстарды түгендеу. Гидротехникалық және өткел құрылыстарының координаттары, белгілері, габариттері, материалдары, техникалық жай-күйі (фотофиксациямен) тіркеледі.
5.2.7. Ақаулар мен қауіпті процестер. Шайылу, опырылу, қамыс басу, лайлану, бұзылған дамбалар, рұқсатсыз құрылыстар мен қоқыс орындары схемада және ведомосте көрсетіледі.
5.3. Камералдық кезең
– далалық журналдарды өңдеу, теңестіру;
– бойлық профильдер мен көлденең қималарды құрастыру;
– инженерлік-топографиялық жоспарлар мен цифрлық инженерлік жер моделі (ЦИММ / ЦММ);
– құрылыстар мен ақаулар ведомостері;
– техникалық есепті дайындау.
6. ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР
Жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтеріне сәйкес орындалады:
– ҚР ЕЖ 1.02-101-2014 «Құрылысқа арналған инженерлік-геодезиялық ізденістер»;
– ҚР ЕЖ 1.02-105-2014 «Құрылысқа арналған инженерлік ізденістер. Негізгі ережелер»;
– ҚР ҚН 1.03-03-2018 «Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар»;
– мелиоративтік жүйелер мен құрылыстарды жобалауға арналған қолданыстағы ҚР ҚН / ҚР ЕЖ;
– «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті;
– геодезиялық қызметке қойылатын лицензиялық талаптар.
Координаттар жүйесі — Тапсырыс берушімен келісілген жергілікті / мемлекеттік жүйе (WGS-84 / GSK-2011 немесе ауданның қабылданған жүйесі). Биіктік жүйесі — Балтық 1977 ж. немесе келісілген жергілікті реперлік жүйе.
Жоспарлық түсірілімнің орташа квадраттық қателігі масштабта 0,4 мм-ден аспауы тиіс. Биіктік бойынша көршілес нүктелер арасындағы қателік — 1/4 биіктік қимасынан аспайды.
Аспаптар: электронды тахеометр, ГНСС-қабылдағыштар (RTK), цифрлық нивелир — метрологиялық тексеру мерзімі өтпеген болуы тиіс.
7. НӘТИЖЕЛІК МАТЕРИАЛДАР (ТАБЫС ЕТІЛЕТІН ӨНІМ)
Орындаушы Тапсырыс берушіге қағаз және электрондық түрде тапсырады:
1) Техникалық есеп (қазақ және/немесе орыс тілінде) — жұмыстың әдістемесі, дәлдігі, пункттер каталогы, қорытындылар мен ұсыныстар;
2) Инженерлік-топографиялық жоспарлар (1:1000 / 1:2000) — әр канал бойынша, қағаз (2 дана) және dwg/dxf + pdf;
3) Бойлық профильдер — әр канал бойынша (қағаз + dwg/pdf);
4) Көлденең қималар альбомы;
5) Тірек және түсіру пункттерінің каталогы (координаталар, белгілер, схема);
6) Гидротехникалық және өзге құрылыстар ведомосі (фотоқосымшамен);
7) Ақаулар, шайылу, шөгу және бөгде объектілер ведомосі;
8) Цифрлық жер моделі (ЦИММ) — dwg/dxf, csv/xyz, қажет болса LandXML;
9) Далалық журналдар мен теңестіру материалдарының көшірмелері;
10) Орындалған жұмыстар актісі.
Электрондық материалдар USB-жинақтауышта және/немесе Тапсырыс беруші көрсеткен форматта тапсырылады. Графикалық файлдар — DWG (AutoCAD 2013 және жоғары үйлесімді) және PDF.
8. ОРЫНДАУ МЕРЗІМІ
Жұмыстарды орындау мерзімі шарт жасалған күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күнді құрайды, егер шартта өзге мерзім көзделмесе. Далалық жұмыстар ауа райы мен жерге кіру мүмкіндігіне байланысты келісім бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ жалпы мерзім Тапсырыс берушінің жазбаша келісімінсіз ұзартылмайды.
9. ОРЫНДАУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Орындаушыда мыналар болуы тиіс:
– құрылысқа арналған инженерлік ізденістер бойынша қолданыстағы лицензия (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес);
– білікті геодезистер мен инженер-іздестірушілер штаты;
– метрологиялық тексеруден өткен геодезиялық жабдық;
10. ҚАУІПСІЗДІК, КІРУ ЖӘНЕ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ
Орындаушы еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және жол қозғалысы қағидаларын сақтайды. Жер учаскелеріне кіру ауылдық округ әкімдіктерімен және жер пайдаланушылармен келісіледі. Тапсырыс беруші хабарлама хаттарын беруге жәрдемдеседі. Егістікке, дақылға және суару режиміне зиян келтірмеу шаралары қабылданады. Кешенді жұмыс орнында қалған уақытша белгілер жұмыс аяқталған соң алынады не Тапсырыс берушіге тапсырылады.
11. САПА БАҚЫЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ
Далалық бақылауды Орындаушының жауапты тұлғасы жүргізеді. Тапсырыс беруші аралық және қорытынды қабылдауды жүзеге асырады. Сәйкессіздік анықталған жағдайда Орындаушы өз есебінен түзетеді. Қабылдау техникалық есеп пен графиктік материалдарды тексеру және ішінара далалық бақылау негізінде жүргізіледі.
12. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Жұмыс нәтижелері Тапсырыс берушінің меншігі болып табылады. Орындаушы материалдарды үшінші тұлғаларға Тапсырыс берушінің жазбаша келісімінсіз бермейді.
13. ҚОСЫМША ШАРТТАР
Осы техникалық спецификацияда көрсетілмеген, бірақ жұмыстың толықтығы мен сапасы үшін қажетті ұсақ көлемді жұмыстар Орындаушының міндетіне кіреді және қосымша ақы төленбейді. Көлемнің елеулі өзгеруі (10 %-дан жоғары) тараптардың қосымша келісімімен ресімделеді.
Келісілді:
Тапсырыс беруші: Орындаушы:
Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы
мен жер қатынастары бөлімі ММ
________________ / _______________ / ________________ / _______________ /
қолы Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә.
«____» ______________ 20___ ж. «____» ______________ 20___ ж.
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
ЖЕТЫСУСКАЯ ОБЛАСТЬ, АКСУСКИЙ РАЙОН
ГУ «ОТДЕЛ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА И ЗЕМЕЛЬНЫХ ОТНОШЕНИЙ»
ТЕХНИЧЕСКАЯ СПЕЦИФИКАЦИЯ
Услуги по проведению инженерно-геодезических и инженерно-изыскательских работ по оросительным каналам
1. НАИМЕНОВАНИЕ УСЛУГИ
Услуги по проведению инженерно-геодезических и инженерно-изыскательских работ по оросительным каналам.
2. МЕСТО ВЫПОЛНЕНИЯ РАБОТ
Территория Жетысуской области, Аксуского района, сельских округов Каракоз ,Баскан и Карасу, трассы и прибрежные полосы существующих оросительных каналов.
3. ОБЪЕКТЫ ИССЛЕДОВАНИЯ
Работы выполняются по следующим оросительным каналам:
Сельский округ Каракоз
| № | Наименование канала | Протяжённость, км |
Наименование канала
Протяжённость, км
Сельский округ Карасу:
4. ЦЕЛЬ И ЗАДАЧИ РАБОТ
Цель работ — установить фактическое состояние существующих оросительных каналов, их планово-высотное положение, продольные и поперечные профили, сооружения и препятствия в береговой полосе и подготовить исходные инженерно-геодезические и изыскательские материалы для последующего проектирования (реконструкция, очистка, ремонт, оптимизация водопользования).
Основные задачи:
– камеральное и полевое обследование трасс каналов, уточнение положения;
– создание и развитие планово-высотной геодезической основы;
– съёмка продольных профилей и поперечных сечений каналов;
– инженерно-топографическая съёмка полосы канала;
– инвентаризация и привязка гидротехнических сооружений, переездов, водовыпусков и вододелителей, колодцев, мостов, труб;
– фиксация просадок, обрушений, размывов, зарастания камышом/растительностью, строительного мусора и разрушенных участков;
– формирование технического отчёта и цифровой модели местности (ЦИММ).
5. СОСТАВ И ОБЪЁМЫ РАБОТ
Работы выполняются в три этапа: подготовительный, полевой и камеральный.
5.1. Подготовительный этап
– получение исходных данных от Заказчика (схемы, ранее выполненные съёмки, кадастровые данные, документы водопользования);
– сбор и анализ имеющихся картографических, кадастровых и архивных материалов;
– разработка программы работ и плана мероприятий по охране труда;
– согласование системы координат и высот;
– метрологическая поверка приборов (свидетельства о калибровке).
5.2. Полевой этап
5.2.1. Рекогносцировка и уточнение трассы. По каждому каналу фиксируются начальная и конечная точки, углы поворота, сооружения и места изменений.
5.2.2. Планово-высотная основа. Создаётся съёмочная сеть, привязанная к пунктам государственной или действующей опорной сети. Пункты закрепляются постоянными или временными знаками. Длина и точность магистральных ходов принимаются по СП РК 1.02-101-2014.
5.2.3. Продольное нивелирование. Непрерывный продольный профиль по оси канала (либо по урезу воды). Пикетаж — 50 м; на сложном рельефе и у сооружений — 20–25 м; в обязательном порядке — в точках поворота и изменения сечения.
5.2.4. Поперечные сечения. Через каждые 50–100 м, а также у сооружений, на поворотах и участках размыва/просадки. Ширина сечения — не менее 15–25 м в каждую сторону от бровки (дамба, берма, резерв, полоса сервитута и прилегающий земельный участок). Измеряются дно, урез, бровка, гребень дамбы, поверхность прилегающей территории.
5.2.5. Инженерно-топографическая съёмка. Полоса вдоль трассы канала: ширина не менее 25–50 м в каждую сторону (по фактической ситуации), масштаб 1:1000 или 1:2000, сечение рельефа 0,25–0,5 м. В ситуации отображаются дороги, ограждения, подземные и надземные коммуникации, сооружения, растительность, водные объекты.
5.2.6. Инвентаризация сооружений. Координаты, отметки, габариты, материал и техническое состояние гидротехнических и переездных сооружений (с фотофиксацией).
5.2.7. Дефекты и опасные процессы. Размывы, обрушения, зарастание камышом, заиление, разрушенные дамбы, самовольные постройки и места захламления наносятся на схему и включаются в ведомость.
5.3. Камеральный этап
– обработка полевых журналов, уравнивание;
– составление продольных профилей и поперечных сечений;
– инженерно-топографические планы и цифровая инженерная модель местности (ЦИММ / ЦММ);
– ведомости сооружений и дефектов;
– подготовка технического отчёта.
6. ТЕХНИЧЕСКИЕ ТРЕБОВАНИЯ И НОРМАТИВНЫЕ ДОКУМЕНТЫ
Работы выполняются в соответствии с действующими нормативами Республики Казахстан:
– СП РК 1.02-101-2014 «Инженерно-геодезические изыскания для строительства»;
– СП РК 1.02-105-2014 «Инженерные изыскания для строительства. Основные положения»;
– СН РК 1.03-03-2018 «Геодезические работы в строительстве»;
– действующие СН РК / СП РК по проектированию мелиоративных систем и сооружений;
– Технический регламент «Требования к безопасности зданий и сооружений, строительных материалов и изделий»;
– лицензионные требования к геодезической деятельности.
Система координат — местная / государственная, согласованная с Заказчиком (WGS-84 / GSK-2011 либо принятая в районе система). Система высот — Балтийская 1977 г. либо согласованная местная реперная сеть.
Средняя квадратическая погрешность плановой съёмки — не более 0,4 мм в масштабе плана. Погрешность по высоте между смежными точками — не более 1/4 сечения рельефа.
Приборы: электронный тахеометр, ГНСС-приёмники (RTK), цифровой нивелир — с действующими свидетельствами метрологической поверки.
7. РЕЗУЛЬТАТЫ РАБОТ (СДАВАЕМАЯ ПРОДУКЦИЯ)
Исполнитель передаёт Заказчику в бумажном и электронном виде:
1) Технический отчёт (на русском языке) — методика, точность, каталог пунктов, выводы и рекомендации;
2) Инженерно-топографические планы (1:1000 / 1:2000) — по каждому каналу, бумага (2 экз.) и dwg/dxf + pdf;
3) Продольные профили — по каждому каналу (бумага + dwg/pdf);
4) Альбом поперечных сечений;
5) Каталог опорных и съёмочных пунктов (координаты, отметки, схема);
6) Ведомость гидротехнических и иных сооружений (с фотоприложением);
7) Ведомость дефектов, размывов, просадок и посторонних объектов;
8) Цифровая модель местности (ЦИММ) — dwg/dxf, csv/xyz, при необходимости LandXML;
9) Копии полевых журналов и материалов уравнивания;
10) Акт выполненных работ.
Электронные материалы передаются на USB-носителе и/или в формате, указанном Заказчиком. Графические файлы — DWG (совместимость AutoCAD 2013 и выше) и PDF.
8. СРОК ВЫПОЛНЕНИЯ РАБОТ
Срок выполнения работ составляет 30 (тридцать) календарных дней с даты заключения договора, в том числе:
– топографическая съёмка каналов — 15 (пятнадцать) календарных дней;
– обработка топографической съёмки и передача Заказчику — 15 (пятнадцать) календарных дней.
Полевые работы могут быть перенесены по согласованию в связи с погодными условиями и доступом на землю, однако общий срок без письменного согласия Заказчика не продлевается.
9. ТРЕБОВАНИЯ К ИСПОЛНИТЕЛЮ
Исполнитель должен иметь:
– действующую лицензию на инженерные изыскания для строительства (в соответствии с законодательством Республики Казахстан);
– штат квалифицированных геодезистов и инженеров-изыскателей;
– геодезическое оборудование с действующей метрологической поверкой;
– опыт работ на аналогичных объектах (орошение / мелиорация / линейные гидротехнические сооружения) — не менее 1 объекта за последние 5 лет.
10. БЕЗОПАСНОСТЬ, ДОСТУП И ЗЕМЛЕПОЛЬЗОВАНИЕ
Исполнитель соблюдает требования охраны труда, пожарной безопасности и правил дорожного движения. Доступ на земельные участки согласовывается с акиматами сельских округов и землепользователями. Заказчик содействует выдаче уведомительных писем. Принимаются меры по недопущению вреда посевам, культурам и режиму орошения. Временные знаки по окончании работ снимаются либо передаются Заказчику.
11. КОНТРОЛЬ КАЧЕСТВА И ПРИЁМКА
Полевой контроль осуществляет ответственное лицо Исполнителя. Заказчик проводит промежуточную и итоговую приёмку. При выявлении несоответствий Исполнитель устраняет их за свой счёт. Приёмка выполняется на основании проверки технического отчёта и графических материалов, а также выборочного полевого контроля.
12. КОНФИДЕНЦИАЛЬНОСТЬ И ИСКЛЮЧИТЕЛЬНЫЕ ПРАВА
Результаты работ являются собственностью Заказчика. Исполнитель не передаёт материалы третьим лицам без письменного согласия Заказчика.
13. ДОПОЛНИТЕЛЬНЫЕ УСЛОВИЯ
Работы небольшого объёма, не указанные в настоящей технической спецификации, но необходимые для полноты и качества результата, входят в обязанность Исполнителя и отдельно не оплачиваются. Существенное изменение объёмов (более 10 %) оформляется дополнительным соглашением сторон.
Согласовано:
Заказчик: Исполнитель:
ГК «Отдел сельского хозяйства
и земельных отношений Аксуского района»
подпись Ф.И.О. подпись Ф.И.О.
«____» ______________ 20___ г. «____» ______________ 20___ г.