Полный текст
ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІК
Қызметтің атауы: Ағаштардың ұшар басын қалыптастыра отырып, артық және қураған бұтақтарын кесу, сондай-ақ кесілген бұтақтарды жинау және шығару бойынша қызметтер.
Саны: 80 (сексен) дана ағаш.
Орындаушы Тапсырыс берушінің аумағында орналасқан 80 ағашты кесу бойынша қызметтер көрсетуге міндетті.
Жұмыстар ағаштардың ұшар басына ұқыпты және дұрыс пішін беру, артық, құрғаған, сынған және зақымдалған бұтақтарды, сондай-ақ ағаштың пішінін бұзатын және қалыпты өсуіне кедергі келтіретін бұтақтарды кесуді қамтуы тиіс.
Ағаштарды кесу олардың түрін, биіктігін, жай-күйін және табиғи өсу ерекшеліктерін ескере отырып орындалуы тиіс. Ұшар басын қалыптастыру кезінде ағаштың табиғи сыртқы пішіні сақталып, шамадан тыс кесуге және ағаштың сау бөліктеріне зақым келтіруге жол берілмеуі тиіс.
Бұтақтардың кесілген жерлері сүректің жарылуын және қабығының зақымдануын болдырмайтындай етіп ұқыпты орындалуы тиіс. Жұмыстар жарамды арнайы құрал-саймандар мен қажетті жабдықтарды пайдалана отырып жүргізілуі тиіс.
Әрбір ағашты кесу көлемі мен сипаты алдын ала Тапсырыс берушімен келісіледі. Тапсырыс берушінің рұқсатынсыз келісілген жұмыс көлемін өз бетінше өзгертуге жол берілмейді.
Жұмыстарды биіктікте орындау қажет болған жағдайда Орындаушы ағаштарды кесу үшін қажетті автогидрокөтергішті немесе өзге де арнайы техниканы өз бетінше қамтамасыз етеді. Автогидрокөтергішті жалға алу, жеткізу, орын ауыстыру, пайдалану, оператордың еңбегіне ақы төлеу, жанармай және арнайы техниканы пайдалануға байланысты басқа да шығындар шарттың жалпы құнына толық енгізілуі тиіс. Көрсетілген техниканы пайдаланғаны үшін Тапсырыс берушіден қосымша ақы алынбайды.
Орындаушы қызметтерді сапалы және қауіпсіз орындау үшін қажетті жұмысшылар санын, жарамды құрал-саймандарды, жабдықтарды, арнайы техниканы және жеке қорғану құралдарын өз бетінше қамтамасыз етуге міндетті.
Жұмыстарды орындау кезінде Орындаушы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауға, жұмыс аймағын қоршауға, жаяу жүргіншілердің, көлік құралдарының және айналадағы мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Биіктікте орындалатын жұмыстар қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуі тиіс. Қатты жел, көктайғақ және қауіпсіздікке қатер төндіретін басқа да қолайсыз ауа райы жағдайларында қауіпті жағдайлар жойылғанға дейін жұмыстар тоқтатылуы тиіс.
Орындаушы қызметтерді көрсету барысында өзінің кінәсінен Тапсырыс берушінің немесе үшінші тұлғалардың ғимараттарына, құрылыстарына, қоршауларына, жол жабындарына, инженерлік коммуникацияларына, көлік құралдарына және өзге де мүлкіне келтірілген зақым үшін жауапты болады. Келтірілген залал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Орындаушының есебінен жойылуға немесе өтелуге тиіс.
Ағаштардың сау бөліктеріне, діңдеріне және тамыр жүйесіне зақым келтіруге жол берілмейді. Орындаушының кінәсінен ағаштарға зақым келтірілген жағдайда, ол келтірілген зардаптарды жоюға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келтірілген залалды өтеуге міндетті.
Ағаштарды кесу аяқталғаннан кейін Орындаушы барлық кесілген бұтақтарды жинауды, тиеуді, тасымалдауды және Тапсырыс берушінің аумағынан қалдықтарды орналастыруға рұқсат етілген орынға шығаруды қамтамасыз етуге міндетті. Кесілген бұтақтар мен ағаш қалдықтарын Тапсырыс берушінің аумағында қалдыруға жол берілмейді. Өсімдік қалдықтарын жинауға, тиеуге, тасымалдауға және шығаруға байланысты барлық шығындар шарттың құнына енгізіледі.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін қызмет көрсету орындары кесілген бұтақтар мен өсімдік қалдықтарынан толық тазартылып, тиісті жағдайға келтірілуі тиіс.
Осы сатып алу шеңберінде ағаштардың ұшар басын қалыптастыру және артық әрі қураған бұтақтарын кесу бойынша қызметтер ғана көзделеді. Ағаштарды кесіп құлату, діңдерін алып тастау және түбірлерін қопару сатып алынатын қызметтердің көлеміне кірмейді.
Жұмыстар Тапсырыс берушімен алдын ала келісу арқылы орындалады. Ағаштарды кесудің нақты орындары мен кезектілігін Тапсырыс беруші айқындайды.
Көрсетілген қызметтерді қабылдау Тапсырыс беруші тарапынан барлық 80 ағаштың кесілгенін, орындалған жұмыстардың осы техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ кесілген бұтақтардың жиналып, шығарылғанын нақты тексергеннен кейін жүзеге асырылады.
Көрсетілген қызметтерде кемшіліктер немесе сапасыз орындалған жұмыстар анықталған жағдайда, Орындаушы анықталған кемшіліктерді Тапсырыс берушімен келісілген мерзімде өз есебінен, қосымша ақысыз жоюға міндетті.
Қызметтер барлық 80 ағашты кесу, пайда болған өсімдік қалдықтарын жинау және шығару, аумақты тиісті жағдайға келтіру жұмыстары толық орындалып, Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғаннан кейін толық көлемде көрсетілді деп есептеледі.
Қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығындар, оның ішінде жұмысшылардың еңбекақысы, құрал-саймандарды, жабдықтарды, автогидрокөтергішті және өзге де арнайы техниканы пайдалану, көлік шығындары, кесілген бұтақтарды жинау, тиеу және шығару шығындары шарттың жалпы құнына енгізілуі тиіс. Тапсырыс беруші тарапынан қосымша шығындар қарастырылмайды.
ТЕХНИЧЕСКАЯ СПЕЦИФИКАЦИЯ
Наименование услуги: Услуги по обрезке деревьев с формированием кроны, удалением лишних и сухих ветвей, а также уборкой обрезанных ветвей.
Количество: 80 (восемьдесят) единиц деревьев.
Исполнитель должен оказать услуги по обрезке 80 деревьев, расположенных на территории Заказчика.
Работы должны включать обрезку деревьев с целью придания кроне аккуратной и правильной формы, удаления лишних, сухих, засохших и повреждённых ветвей, а также ветвей, нарушающих форму кроны и препятствующих нормальному росту дерева.
Обрезка должна выполняться с учётом вида, высоты, состояния и естественной формы каждого дерева. При формировании кроны необходимо сохранить её естественный внешний вид, не допуская чрезмерной обрезки и повреждения здоровых частей дерева.
Срезы ветвей должны выполняться аккуратно, без расщепления древесины и повреждения коры. Работы должны производиться с использованием исправного специализированного инструмента и необходимого оборудования.
Объём и характер обрезки каждого дерева предварительно согласовываются с Заказчиком. Самостоятельное изменение согласованного объёма работ без разрешения Заказчика не допускается.
При необходимости выполнения работ на высоте Исполнитель самостоятельно обеспечивает привлечение автовышки или иной специализированной техники, необходимой для выполнения обрезки деревьев. Расходы на аренду, доставку, перемещение, эксплуатацию автовышки, оплату труда оператора, топливо и другие затраты, связанные с использованием специализированной техники, должны быть полностью включены в стоимость договора. Дополнительная оплата за использование указанной техники Заказчиком не производится.
Исполнитель обязан самостоятельно обеспечить необходимое количество работников, исправный инструмент, оборудование, специализированную технику и средства индивидуальной защиты для качественного и безопасного выполнения услуг.
При выполнении работ Исполнитель обязан соблюдать требования охраны труда и техники безопасности, обеспечить ограждение рабочей зоны и безопасность пешеходов, транспортных средств и окружающего имущества. Работы на высоте должны выполняться с соблюдением необходимых мер безопасности. При сильном ветре, гололёде и других неблагоприятных погодных условиях, создающих угрозу безопасности, выполнение работ должно быть приостановлено до устранения опасных условий.
Исполнитель несёт ответственность за повреждение зданий, сооружений, ограждений, дорожного покрытия, инженерных коммуникаций, транспортных средств и иного имущества Заказчика или третьих лиц, возникшее по вине Исполнителя в процессе оказания услуг. Причинённый ущерб подлежит устранению или возмещению Исполнителем в установленном законодательством порядке.
Не допускается повреждение здоровых частей деревьев, стволов и корневой системы. В случае повреждения деревьев по вине Исполнителя он обязан устранить последствия либо возместить причинённый ущерб в установленном законодательством порядке.
После завершения обрезки Исполнитель обязан обеспечить сбор всех срезанных ветвей, их погрузку, транспортировку и вывоз с территории Заказчика к месту разрешённого размещения отходов. Оставлять обрезанные ветви и древесные остатки на территории Заказчика не допускается. Все расходы, связанные со сбором, погрузкой, транспортировкой и вывозом растительных остатков, включаются в стоимость договора.
После завершения работ места проведения услуг должны быть полностью очищены от обрезанных ветвей и растительных остатков и приведены в надлежащее состояние.
В рамках настоящей закупки предусматривается исключительно обрезка деревьев с формированием кроны и удалением лишних и сухих ветвей. Вырубка деревьев, удаление стволов и корчевание пней в объём закупаемых услуг не входят.
Работы выполняются по предварительному согласованию с Заказчиком. Конкретные места и очерёдность обрезки деревьев определяются Заказчиком.
Приёмка оказанных услуг осуществляется Заказчиком после фактической проверки выполнения обрезки всех 80 деревьев, соответствия выполненных работ требованиям настоящей технической спецификации, а также проверки уборки и вывоза обрезанных ветвей.
В случае выявления недостатков или ненадлежащего качества оказанных услуг Исполнитель обязан устранить выявленные недостатки за свой счёт в срок, согласованный с Заказчиком, без дополнительной оплаты.
Услуги считаются оказанными в полном объёме после выполнения обрезки всех 80 деревьев, уборки и вывоза образовавшихся растительных остатков, приведения территории в надлежащее состояние и подписания Заказчиком акта оказанных услуг.
Все расходы, связанные с оказанием услуг, включая оплату труда работников, использование инструментов, оборудования, автовышки и иной специализированной техники, транспортные расходы, сбор, погрузку и вывоз обрезанных ветвей, должны быть включены в общую стоимость договора. Дополнительные расходы со стороны Заказчика не предусматриваются.