Қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру қызметі бойынша
ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІК
Қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру қызметі бойынша осы техникалық ерекшелік ҚР «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ заңының 12-бабы бойынша жасалды және ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ Заңының 1-бабы 22) тармақшасына, 10-бабы 4-тармағына, 21,23,26-баптарына және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 171 бұйрығымен бекітілген «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларына» (бұдан әрі - № 171 Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
1) Қаңғыбас (қараусыз) үй жануарларын вакцинациялауды және стерилизациялауды үй жануарларын ұстауға арналған нысандар құрылысын салуға мақсатты берілген Маңғыстау облысының аумағындағы жер телімдерінде орналасқан және нысанды қабылдау актісінде және техникалық паспортында жануарларға арналған панажай немесе уақытша ұстау пункті деп көрсетілген панажайлар мен уақытша ұстау пункттерінің (бұдан әрі – УҰП) басшылығы ұйымдастырады.
2) Қаңғыбас жануарлардың профилактикалық ветеринариялық іс-шаралары ҚР ветеринария саласындағы Заңының талаптарына сәйкес жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аурулары мен улануының пайда болуының алдын алу мақсатында ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізіледі.
3) Вакцинациялауды жүргізу аяқталғаннан кейін деректер базасында өткізілген вакцинациялаудың Акті жасалады (№ 171 Қағиданың қосымшасына сәйкес нысанда), оған вакцинация жүргізген ветеринария саласындағы маманының (осы бойынша білікті тұлғаның) электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.
4) Жүргізілген вакцинациялау туралы мәліметтер деректер базасына енгізіледі.
5) Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген ветеринариялық препараттарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
6) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы деректер базасында вакцинацияланған қаңғыбас жануарлардың тізілімін құрады (жасайды).
7) Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта профилактикалық ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыруды «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы 31-бабының 18) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
8) Қаңғыбас жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцинациялау жүргізуді деректер базасында тіркелген мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (ветеринариялық станциялар) жүзеге асырады;
9) Қаңғыбас жануарларды стерилизациялау ақпараты жануардың жеке нөмірін және стерилизациялау жүргізілген орынды міндетті түрде көрсете отырып, деректер базасында тіркелуге жатады;
10) Панажай немесе УҰП қаңғыбас жануарды стерилизациялау мақсатында арнайы операциялық бөлмемен жабдықталады. Арнайы операциялық бөлменің ветеринариялық талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындысы болуы тиісті. Қаңғыбас жануарды мерзімінен бұрын стерилизациялауды болдырмау мақсатында, стерилизациялау туралы шешім панажай немесе УҰП-нде жануар келгеннен (түскеннен) кейін 4 (төртінші) күні қабылданады. Қаңғыбас жануарды стерилизациялау ветеринария саласындағы мамандары (осы бойынша білікті тұлғаның) шешімі қабылданғаннан кейінгі келесі күні жүргізіледі;
11) Қаңғыбас жануарды стерилизациялауды жүргізу туралы шешімді ветеринария саласындағы маман оның түрін, жасын және физиологиялық жай-күйін ескере отырып, оны қарап-тексеру нәтижелері бойынша қабылдайды. Стерилизациялауды жүргізу туралы шешім ветеринария саласындағы маманмен қабылданады;
12) Қаңғыбас жануарларды стерилизациялау туылған күннен бастап алты айдан асқан (ерте емес) уақытта жүзеге асырылады;
13) Жануарды стерилизациялау кезінде, жануардың жеке нөмірі бар есепке алу бұйымы (құралы) – құлақ сырғасы немесе чип, т.б. салынады;
14) Деректер базасы автоматты түрде генерацияланатын жануардың жеке нөмірі (бұдан әрі – ЖЖН) он бес символдан тұрады, мынадай белгілері бар:
- алғашқы үш символ – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының коды (үш сан – 398),
- төртіншіден бесінші символдарға дейін - жануардың түрін білдіретін сандық код,
- алтыншыдан он беске дейінгі символдар – бірегей реттік нөмір;
15) Стерилизациялауды ветеринария саласындағы мамандары (осы бойынша білікті тұлға) арнайы жабдықталған үй-жайда жүзеге асырады;
16) Стерилизациялаудан кейін қаңғыбас жануарлар күтім жасау үшін жағдай жасалған қоршаулармен (торлармен, бөліктермен) жабдықталған стационарда ұсталады;
17) Стерилизациялаудан кейін қаңғыбас жануарларды операциядан кейінгі күту ұзақтығы операциядан кейінгі асқынулар болмаған жағдайда, ұрғашылар үшін кемінде күнтізбелік 10 (он) күнді және еркектер үшін күнтізбелік 3 (үш) күнді құрайды;
18) Ветеринария саласындағы мамандарының (осы бойынша білікті тұлғаның) операциядан кейін уақытша ұсталатын қаңғыбас жануарларды операциядан кейін күтуі жүзеге асырылады;
19) Қаңғыбас жануар стерилизациялаудан кейін және операциядан кейінгі күтім жөніндегі іс-шаралар аяқталғанға дейін, өтінімі бойынша жаңа иесіне және (немесе) жауапты тұлғаға берілген жағдайда ғана жануардың баспанадан шығуына болады, бұл ретте жануардың панажайдан (УҰП-нен) шығуы деректер базасы арқылы қалыптастырылады, беріледі және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады;
20) Вакцинациялау және стерилизациялау шаралары аяқталғаннан кейін агрессивті емес қаңғыбас жануарлар олардың бұрынғы мекендеу орындарына қайтаруға жатады.
Мамандандырылған ұйым - сапалы қызмет көрсету үшін аулау қызметі штатында бейінді кәсіптік білімі бар ветеринар дәрігері болуы тиіс
21) Қатысушы барлық (010, 030, 037, 038) бағдарламалар бойынша немесе жеке-жеке бағдарламалар бойынша конкурсқа қатыса алады. Бұл ретте конкурсқа қатысушының мүмкіндіктері (автокөлік, құрал-жабдықтар, мамандар саны мен сапасы, т.б.) жеткілікті болуы тиіс.
22) Қызмет көрсетуші тек өзі жеңімпаз деп танылған ауданда конкурс жеңімпаздарымен ғана жұмыс жасайды және жұмыс барысында қарым қатынаста болады. Бұл ретте жануарларды уақытша ұстау қызметі (030) басқа қызметтермен: жануарларды аулау қызметімен (010), жануарларды бірдейлендіру қызметімен (037), жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қызметімен (038) келісім шарт негізінде жұмыстарын атқарады.
6) Көрсетілген қызметтерді қабылдау тәртібі:
Көрсетілген қызметтер Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшысының бұйрығымен құрылған аудандық комиссияның көрсетілген қызмет актісімен қабылданады.
Аудандық комиссия көрсетілген қызметтер актісіне аудан бойынша көрсетілген қызметтер актісінің негізінде қол қояды. Аудан бойынша актіге әрбір егілген/зарарсыздандырылған жануарлар партиясына ресімделген алғашқы актсі мен егілген және зарарсыздандырылған иттер мен мысықтардың фотосуреттері (егілген/зарарсыздандырылған күні мен реттік нөмірі (№1, №2, №3 .. т.б.) көрсетілген) жалғанған болуы міндетті.
| № | Аудан, қала атауы | 2026 жылы жоспарланғаны | Оның ішінде: |
№
Аудан, қала атауы
2026 жылы жоспарланғаны
Оның ішінде:
| кастрациялауға жатады | зарарсыздандыруға жатады |
кастрациялауға жатады
зарарсыздандыруға жатады
1
2
3
4
Маңғыстау
100
50
Бөлім басшысы М.Кәдіров
ТЕХНИЧЕСКАЯ СПЕЦИФИКАЦИЯ
по услугам вакцинации и стерилизации бродячих животных
Настоящая техническая спецификация по услугам вакцинации и стерилизации бродячих животных составлена по статье 12 Закона РК от 1 июля 2024 года № 106-VIII ЗРК «О государственных закупках» и осуществляется в соответствии с подпунктом 22) статьи 1, пунктом 4 статьи 10, статьии 21,23,26 Закона Республики Казахстан от 30 декабря 2021 года № 97-VII ЗРК «Об ответственном обращении с животными» и в соответствии с пунктами 4-23 «Правил вакцинации и стерилизации бродячих животных», утвержденных Приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 20 мая 2022 года № 171 (далее – Правила № 171).
1) Вакцинация и стерилизация бродячих (безнадзорных) домашних животных организуется руководством приютов и пунктов временного содержания (далее – ПВС), которые построены на земельных участках на территории Мангистауский области специально отведенных для целевого строительства питомника или пункта временного содержания домашных животных, а так же, в акте приемки объекта и в техническом паспорте объекта указано, что, строение являтся питомником или пунктом для временного содержания домашных животных.
2) Вакцинация бродячих животных проводится на территории ветеринарно-санитарного благополучия с целью предупреждения возникновения болезней и отравлений бродячих животных, включая болезни, общие для животных и человека, в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии;
3) По окончании проведения вакцинации составляется Акт о проведенной вакцинации (по форме согласно приложению к Правилам № 171) в базе данных, который подписывается электронной цифровой подписью лицом (с образованием по специальности) в области ветеринарии, проводившего вакцинацию;
4) Сведения о проведенных вакцинациях вносятся в базу данных;
5) Проведение вакцинации бродячих животных осуществляется лицом (с образованием по специальности) в области ветеринарии с применением ветеринарных препаратов, зарегистрированных в Республике Казахстан и (или) государствах-членах Евразийского экономического союза;
6) Местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения столицы формируют реестр вакцинированных бродячих животных в базе данных;
7) Организация проведения вакцинации бродячих животных на территории ветеринарно-санитарного благополучия осуществляется местными исполнительными органами в соответствии с статьи 31 Закона Республики Казахстан подпунктом 18) «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан»;
8) Проведение вакцинации против особо опасных болезней бродячих животных осуществляется государственными ветеринарными организациями (ветеринарными станциями), зарегистрированных в базе данных;
9) Информация о стерилизации бродячего животного подлежит регистрации в базе данных с обязательным указанием индивидуального номера, места, стерилизации бродячего животного;
10) Приют или ПВС животных оборудуются специальным помещением для операционной деятельности в целях проведения стерилизации бродячего животного. Специальное помещение для операционной деятельности должно иметь ветеринарно-санитарное заключение о соответствии ветеринарным требованиям. В целях недопущения преждевременной стерилизации бродячего животного, решение о стерилизации принимается не менее на 4 (четвертые) сутки нахождения в ПВС. Стерилизация бродячего животного проводится на следующие сутки после принятия решения лицом (с образованием по специальности) в области ветеринарии.
11) Решение о стерилизации бродячего животного принимается по результатам его осмотра, с учетом его вида, возраста, физиологического состояния и подлежит регистрации в базе данных. Решение о проведении стерилизации принимается специалистом в области ветеринарии.
12) Стерилизацию бродячего животного проводят не ранее шести месячного возраста с момента рождения.
13) При стерилизации бродячего животного, на животное устанавливается изделие ( средство) – ушная бирка или чип, и др;
14) Индивидуальный номер животного (далее – ИНЖ) автоматически генерируется в базе данных и состоит из пятнадцати символов, следующие обозначения:
- первые три символа – код Республики Казахстан согласно коду ISO – Международной организации по стандартизации (три цифры – 398);
- с четвертого по пятые символы – числовой код обозначающий вид животного;
- с шестого по пятнадцатые символы – уникальный порядковый номер.
15. Стерилизация осуществляется лицом (с образованием по специальности) в области ветеринарии в специально оборудованном помещении;
16) После стерилизации бродячие животные содержатся в стационаре, оборудованном вольерами (клетками, отсеками), с условиями для послеоперационного ухода;
17) Длительность послеоперационного ухода за бродячими животными после стерилизации составляет не менее 10 (десять) календарных дней для самок и 3 (три) календарных дня для самцов при отсутствии послеоперационных осложнений;
18) Послеоперационный уход за бродячими животными, содержащиеся в приютах или ПВС, осуществляется лицом (с образованием по специальности) в области ветеринарии;
19) Выбытие бродячего животного из приюта (ПВС) до завершения мероприятий по послеоперационному уходу после стерилизации только в случае передачи новому владельцу и (или) ответственному лицу по его заявке формируется, подается и подписывается электронной цифровой подписью посредством базы данных;
20) Возврату на прежние места их обитания подлежат бродячие животные не проявляющие агрессивности, после завершения в отношении них мероприятий по вакцинации и стерилизации.
Специализированная организация - служба отлова для качественного оказания услуг должна иметь в штате ветеринарного врача с профильным профессиональным образованием.
21) Участник может участвовать в конкурсе по всем программам (010, 030, 037, 038) или по отдельным программам. При этом возможности участника конкурса (автотранспорт, оборудование, количество и качество специалистов и т.д.) должны быть достаточными.
22) Услугодатель (служба оказывающий услуги вакцинации и стерилизации) работает и поддерживает отношения только с победителями конкурса территории района где признан победителем. При этом служба временного содержания животных (030) выполняет работу на договорной основе с другими службами: службой отлова животных (010), службой идентификации животных (037), службой вакцинации и стерилизации животных (038).
6) Порядок приемки оказанных услуг:
Оказанные услуги принимаются актам оказанных услуг районной комиссии по приемке оказанных услуг, созданных приказом руководителя отдела сельского хозяйства Мангистауского района. Районная комиссия подписывает акты на основании актов оказанных услуг районной комиссии. К акту районной комиссии должны быть приложены первичный акт составленный на каждую партию вакцинированных и стерилизованных животных и фотографии животных с указанием даты и порядкового номера (№1, №2, №3 .. и.т.д.).
| № | Наименование городов, районов | Запланированное количество на 2026 год | из них: |
Наименование городов, районов
Запланированное количество на 2026 год
из них:
| Подлежит кастрации | Подлежит стерилизации |
Подлежит кастрации
Подлежит стерилизации
Мангистауский
Руководитель отдела М. Кадиров