Қосымша № 2
«МИРАС» БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КІТАПТАР СЕРИЯСЫ
Жинаққа енген еңбектердің тізімі:
«Қырық мысал» – Ахмет Байтұрсынұлының И.А. Крыловтан аударып, 1922 жылы Қазан баспасынан жарыққа шыққан.
«Қирағат кітабы» (құрастырған) – Міржақып Дулатұлының бұл кітабы 1914 жылы Орынборда жарық көрген. Кітап қазақ балаларының сауатын ашуға және оларға ғылым негіздері мен адамгершілік тәрбиесін қатар беруге арналған.
«Есеп құралы» (өзі жазған) – 1924 жылы Ташкентте жарық көрген Міржақып Дулатұлының бұл оқулығы бастауыш сынып оқушыларына арналған математикалық есептер мен амалдар жинағы.
«Баланың ерлігі» – Бұл жинаққа Тұрағұл Абайұлының 1927 жылы Мәскеуде жарық көрген әдеби аударма кітабы, басқа да аудармалары және Даниал Ысқақұлының тәржімалары қоса берілді. Жинақта эскимостар өмірі, адам тағдыры және қоғамдық қайшылықтар сияқты әралуан тақырыптар баяндалады.
«Жетпіс жеті мысал» – Әлихан Бөкейханның «жетпіс жеті мысал» жинағы 1925 жылы Мәскеудегі орталық баспасында жарық көрген. Кітап Л.Н. Толстой мен Эзоптан және Үнді мысалдарынан қазақшаға аударылған.
«Үлгілі бала» – 1912 жылы Қазанда басылып шыққан, Спандияр Көбеевтің мектептегі қазақ оқушыларына арналған хрестоматиясы.
«Жердің жаратылысы жайындағы әңгімелер» – Мұхтар Әуезовтің Ю. Вагнерден аударған бұл еңбегі 1924 жылы Ташкенттегі Түркістан мемлекеттік баспасынан жарық көрген. Кітап таулардың өзгеруі мен жанартаулардың пайда болуы арқылы Жердің даму тарихын баяндайды.
«Аққасқа» – Бұл кітапқа М. Әуезовтің Л. Толстойдан аударып, 1918 жылы «Абай» журналында жарық көрген «Будда» әңгімесі, сондай-ақ «Той тарқар» (1931), «Булька» (1936) әңгімелері мен Джек Лондон, А. Серафимович және А. Чеховтан аударған шығармалары енгізілген.
«Сұңқар жыры» – Бұл жинаққа Мағжан Жұмабаевтың Максим Горькийден аударып, Мәскеудегі орталық баспасынан 1924 жылы жарық көрген кітапшасы мен В. Ивановтан қазақшалап, 1927 жылы басылған еңбектерімен қоса басқа да аудармалары енгізілді.
«Күркіреу, найзағай, электр» (өзі жазған) – Бұл жинаққа Мағжан Жұмабаевтың 1927 жылы жарық көрген оқу құралы мен 1926 жылы Мәскеудегі орталық баспасынан шыққан жаңбыр туралы аудармасы енгізілді. Аталған еңбектер табиғат құбылыстарының физикалық болмысын қарапайым тілмен, нақты ғылыми тәжірибелерге сүйене отырып түсіндіреді.
«Тәрбие жетекшісі» (өзі жазған) – Жүсіпбек Аймауытовтың1924 жылы Орынборда жарық көрген бұл оқу құралы— мектеп қызметкерлері мен мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. Онда бала тәрбиелеу мен оқытудың мақсаты, дидактика негіздері және мектепті басқару жолдары жан-жақты баяндалған.
«Адам тегі» – Д. Н. Анучиннің еңбегі негізінде Ахмет Мамытұлы аударған бұл кітап Мәскеудегі орталық баспасынан 1925 жылы жарық көрген.
«Жаратылыстану құралы» – Трояновскийден қазақшалаған Бірмағамбет Айбасұлының 1927 жылы Қазақстан мемлекет баспасынан жарық көрген бұл еңбегі табиғаттағы су айналымы, бұлттардың түрлері, сондай-ақ жаңбыр мен қардың пайда болу процестері мен судың маңызы туралы баяндайды.
«Жаңа ауыл» (құрастырған) – Жүсіпбек Аймауытовтың1930 жылы Қазақстан мемлекет баспасынан жарық көрген бұл оқулығы – балаларға арналған шығармалар мен практикалық тапсырмалар жинағы. Оқу құралы балалардың ой-өрісін дамытып, күнделікті тұрмыстағы сауаттылығын арттыруға бағытталған.
«Жердің қысқаша тарихы» – К. Фламмарионның еңбегі негізінде Әлихан Бөкейхан жазған бұл кітап 1924 жылы Мәскеудегі орталық жарық көрген. Кітапта аспан әлемінің құрылысы, күн мен түннің ауысуы және Жердің ғаламдағы орны сынды ғылыми мағлұматтар қамтылған.
«Балаларға тарту» – Молдағали Жолдыбайұлы құрастырған бұл кітап – 1927 жылы жарық көрген, қазақ балаларына арналған алғашқы оқу құралдарының бірі. Жинақ мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дүниетанымын кеңейтуге, тілін дамытуға және еңбекке баулуға арналған. «балаларға тарту туралы айтады»
«Жануарлар туралы әңгімелер» – Абдолла БайтасұлыЮ. Вагнерден аударған бұл кітап 1924 жылы Ташкенттегі Түркістан мемлекеттік баспасынан жарық көрген. Еңбекте қарапайым тіршілік иелерінен бастап, күрделі жануарларға дейінгі өсу, қоректену және даму жолдары егжей-тегжейлі баяндалады»
«Өсімдіктердің тіршілі мен түзілуі туралы әңгімелер» – Халел Досмұхамедұлының Ю. Вагнерден аударған бұл еңбегі 1924 жылы Ташкенттегі Түркістан мемлекеттік баспасынан жарық көрген. Кітап өсімдіктер әлемінің биологиялық ерекшеліктері мен олардың тіршілік үдерістерін қарапайым әрі танымдық түрде түсіндіреді.
«Су мен ауа туралы әңгімелер» – Мырзағазы Есполов қазақ тіліне аударған Ю. Вагнердің «Су туралы әңгімелер» еңбегі мен Х.М. Ысмайлов Ю. Вагнерден аударған «Ауа туралы әңгімелер» – кітапшасы бірге беріліп отыр. Қос кітап 1924 жылы Ташкенттегі Түркістан мемлекеттік баспасынан жарық көрген.
«Денеміздің түзілуі мен жұмыс қылуы туралы әңгімелер» – Халел Досмұхамедұлы қазақшалаған Ю. Вагнердің бұл еңбегі Ташкенттегі Түркістан мемлекеттік баспасынан 1924 жылы жарық көрді. Кітапта адам ағзасының құрылымы мен ішкі мүшелердің қызметі қарапайым тілмен баяндалады.
«Табиғаттану» (өзі жазған) – Халел Досмұхамедұлының1922 жылы Ташкентте жарық көрген бұл еңбегінде табиғат құбылыстары, заттардың қасиеттері мен заңдылықтары қарапайым тілмен ғылыми тұрғыда баяндалады.
«Дүниенің құрылысы» – Әлихан Бөкейхан қазақшалаған М.Д. Грабенің бұл еңбегі 1926 жылы Мәскеудегі Орталық баспадан жарық көрген. Кітапта дүниенің даму жолы, сондай-ақ аспан әлеміндегі ғарыштық құбылыстар туралы баяндалады.
«Арғы мәдениет» – Д. Кудрявскийдің еңбегін Мырзағазы Есболұлы қазақ тіліне аударып, 1924 жылы Ташкентте басылып шыққан. Кітапта адамзат баласының табиғаттың тылсым сырларын игеріп, отты жаққан заманнан бастап, еңбек пен парасаттың арқасында өркениет биігіне қалай көтерілгені баяндалады.
«Жаңа арна» – Молдағали Жолдыбайұлы мен Телжан Шонанұлы құрастырып, 1927 жылы Қызылордада жарық көрген бұл оқу құралы бастауыш сынып оқушыларының танымдық және тілдік дағдыларын қазақ ауыз әдебиетінің көркем үлгілері арқылы дамытуға бағытталған.
«Күштілердің күші» – Жүсіпбек Аймауытұлының әр жылдары аударып, мерзімді басылымдарда жариялаған әлем әдебиеті классиктерінің бұл жинағы адам мен қоғам арасындағы, сондай-ақ адамның ішкі жан дүниесіндегі күрделі қайшылықтарды терең суреттейді.
«Жер үстіндегі тіршілік» – Гермяцкийдің бұл кітабын Әлі Кемелұлы қазақшалап, 1924 жылы Мәскеудегі КСРО халықтарының орталық баспасынан жарыққа шығарды. Кітапта жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы, дамуы және табиғаттағы эволюциялық өзгерістер туралы баяндалады. Бұл кітапқа Кемелұлы Андренкодан аударған «Табиғаттағы су туралы» – кітапшасы қоса берілді. Мәскеудегі кіндік баспасынан 1927 жылы жарық көрген бұл еңбегі – жер бетіндегі су ресурстарының табиғатын түсіндіретін танымдық оқу құралы.
«Жануарлар 1» (өзі жазған) – Халел Досмұхамедұлының бұл оқулығы 1922 жылы Ташкентте жарық көрген. Оқу құралы жаратылыстану пәнін тереңдетіп оқытуға арналған, табиғат құбылыстары мен жануарлар әлемінің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан жүйелеп түсіндіреді.
«Жануарлар 2» (өзі жазған) – 1922 жылы Ташкентте жарық көрген Халел Досмұхамедұлының бұл оқу құралында сүйексіз жануарлардың төменгі түрлерінен бастап, олардың құрылысы, тіршілігі мен өзара байланысы жан-жақты баяндалады.
«Жануарлар 3» (өзі жазған) – Халел Досмұхамедұлының бұл оқу құралы 1927 жылы Ташкентте жарық көрген. Оқулық буынаяқтылар тобына жататын жануарлардың дене құрылысы, тіршілігі мен өсіп-өнуі туралы баяндайды.
«Өсімдіктану» (өзі жазған) – Жұмақан Күдеріұлының бұл оқу құралы 1927 жылы Мәскеуде басылып шыққан. Оқулықта өсімдіктердің құрылысы, тіршілік ерекшеліктері және олардың ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы баяндалады.
«Қажы-мұрат» – Әлихан Бөкейханның Л.Н. Толстойдан қазақшалаған бұл еңбегі 1924 жылы Мәскеуде басылып шыққан. Шығармада азаттық пен өз тағдырына адалдық жолындағы Кавказ батыры Қажы-Мұраттың қайғылы да өршіл тағдыры суреттеледі.
«Қырық бірінші» – Назипа Құлжанованың әр жылдары мерзімді басылымдарда жарық көрген аудармаларының бұл жинағы – қазақ оқырмандарын әлемдік классикалық әдебиеттің озық үлгілерімен таныстырып, ұлттық мәдениетті гуманистік және ағартушылық идеялармен байытуды мақсат етеді.
«Оқу құралы» (өзі жазған) – Ахмет Байтұрсынұлы дайындаған бұл еңбек 1927 жылы Қызылордада басылып шықты. Заман талабына қарай оқу құралының тек екінші бөлімі жеке кітап болып жарық көрді. Оқулықта әлем сырлары мен жер жүзіндегі елдер туралы баяндалады.
«Жердің қысқаша тарихы» – Әлихан Бөкейханның аудармасымен 1926 жылы Мәскеудегі орталық баспасынан жарық көрген Т. Тутковскийдің оқу құралында Жердің пайда болуы, геологиялық кезеңдері және ондағы тіршіліктің ғасырлар бойы қалай өзгеретіні жүйелі түрде баяндалады.
«Гигиена» (орыс авторларын негіз етіп жазып шыққан) – Жұмағали Тілеуліұлының 1927 жылы Қызылордада жарық көрген бұл оқулығында адамның анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы және дұрыс тамақтану мен қоршаған орта тазалығының негізгі ережелері жан-жақты баяндалған.
«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» КММ-нің «Мирас» кітаптар сериясын (XX ғасырдың басындағы ұлт қайраткерлерінің еңбектері) сатып алуға тапсырысы
| № | Атауы | Жиынтықтағы кітаптар саны, дана | Жиынтықтар саны, дана | Бір жиынтықтың құны, теңге | Сомасы |
№
Атауы
Жиынтықтағы кітаптар саны, дана
Жиынтықтар саны, дана
Бір жиынтықтың құны, теңге
Сомасы
| 1 | «Мирас» кітаптар сериясы | 35 | 1 | 112 000,00 | 112 000,00 |
1
«Мирас» кітаптар сериясы
35
112 000,00
| Всего: | 35 | 1 | 112 000,00 | 112 000,00 |
Всего:
Приложение № 2
СЕРИЯ ДЕТСКИХ КНИГ «МИРАС»
Список вошедших в сборник трудов:
«Сорок басен» — переводы Ахмета Байтурсынулы из И. А. Крылова, изданные в 1922 году в Казанской типографии.
«Книга чтения» (составитель) — эта книга Миржакыпа Дулатулы была издана в 1914 году в Оренбурге. Книга предназначена для обучения казахских детей грамоте, а также одновременного ознакомления их с основами наук и нравственным воспитанием.
«Сборник задач» (авторская) — учебник математических задач и действий Миржакыпа Дулатулы для учащихся начальных классов, изданный в 1924 году в Ташкенте.
«Подвиг ребенка» — в этот сборник вошла художественная переводная книга Турагула Абайулы, изданная в 1927 году в Москве, а также другие его переводы и переводы Даниала Искакулы. В сборнике освещаются такие разнообразные темы, как жизнь эскимосов, человеческая судьба и общественные противоречия.
«Семьдесят семь басен» — сборник Алихана Букейхана, изданный в 1925 году в Центральном издательстве в Москве. Книга переведена на казахский язык из произведений Л. Н. Толстого, Эзопа, а также индийских притч.
«Образцовый ребенок» — хрестоматия Спаньяра Кубеева для казахских школьников, изданная в 1912 году в Казани.
«Рассказы о природе Земли» — этот труд Мухтара Ауэзова (перевод из Ю. Вагнера) был издан в 1924 году Туркестанским государственным издательством в Ташкенте. Книга рассказывает об истории развития Земли через изменение гор и возникновение вулканов.
«Апкаска» (Аққасқа) — в эту книгу вошел рассказ «Будда» (перевод М. Ауэзова из Л. Толстого, опубликованный в 1918 году в журнале «Абай»), а также рассказы «Той тарқар» (1931), «Булька» (1936) и произведения, переведенные из Джека Лондона, А. Серафимовича и А. Чехова.
«Песня о Соколе» — в этот сборник вошли небольшая книга Магжана Жумабаева (перевод из Максима Горького, изданная в 1924 году в Центральном издательстве Москвы), произведения В. Иванова в казахском переложении (изданные в 1927 году), а также другие переводы.
«Гром, молния, электричество» (авторская) — в этот сборник вошли учебное пособие Магжана Жумабаева, изданное в 1927 году, и перевод о дожде, вышедший в 1926 году в Центральном издательстве Москвы. Данные труды объясняют физическую сущность природных явлений простым языком, опираясь на конкретные научные опыты.
«Руководитель воспитания» (авторская) — методическое пособие Жусупбека Аймауытова для школьных работников и учителей, изданное в 1924 году в Оренбурге. В нем всесторонне изложены цели воспитания и обучения детей, основы дидактики и пути управления школой.
«Происхождение человека» — книга, переведенная Ахметом Мамытулы на основе труда Д. Н. Анучина и изданная в 1925 году в Центральном издательстве Москвы.
«Пособие по естествознанию» — труд Бирмагамбета Айбасулы (перевод из Трояновского), изданный в 1927 году в Казахском государственном издательстве. В нем рассказывается о круговороте воды в природе, видах облаков, процессах образования дождя и снега, а также о значении воды.
«Новый аул» (составитель) — учебник Жусупбека Аймауытова, изданный в 1930 году Казахским государственным издательством; представляет собой сборник произведений и практических заданий для детей. Учебное пособие направлено на развитие кругозора детей и повышение их грамотности в повседневном быту.
«Краткая история Земли» — книга, написанная Алиханом Букейханом на основе труда К. Фламмариона и изданная в 1924 году в Центральном издательстве Москвы. В книге содержатся научные сведения о строении небесного пространства, смене дня и ночи, а также о месте Земли во Вселенной.
«Подарок детям» — книга, составленная Молдагали Жолдыбайулы и изданная в 1927 году; одно из первых учебных пособий для казахских детей. Сборник предназначен для расширения кругозора, развития речи и приобщения к труду детей дошкольного и школьного возраста.
«Рассказы о животных» — труд Абдоллы Байтасулы (перевод из Ю. Вагнера), изданный в 1924 году Туркестанским государственным издательством в Ташкенте. В работе подробно описываются пути роста, питания и развития живых организмов — от простейших до сложных.
«Рассказы о жизни и строении растений» — труд Халела Досмухамедулы (перевод из Ю. Вагнера), изданный в 1924 году Туркестанским государственным издательством в Ташкенте. Книга в простой и познавательной форме объясняет биологические особенности растительного мира и его жизненные процессы.
«Рассказы о воде и воздухе» — объединенное издание: «Рассказы о воде» Ю. Вагнера в переводе Мырзагази Есполова и брошюра «Рассказы о воздухе» (перевод Х. М. Исмайлова из Ю. Вагнера). Обе книги изданы в 1924 году Туркестанским государственным издательством в Ташкенте.
«Рассказы о строении и работе нашего тела» — этот труд Ю. Вагнера в казахском переложении Халела Досмухамедулы был издан в 1924 году Туркестанским государственным издательством в Ташкенте. В книге простым языком описывается структура человеческого организма и функции внутренних органов.
«Естествознание» (авторская) — труд Халела Досмухамедулы, изданный в 1922 году в Ташкенте, в котором природные явления, свойства веществ и закономерности изложены простым языком с научной точки зрения.
«Устройство мира» — труд М. Д. Грабе в казахском переложении Алихана Букейхана, изданный в 1926 году в Центральном издательстве Москвы. В книге рассказывается о пути развития мира, а также о космических явлениях в небесном пространстве.
«Древняя культура» — труд Д. Кудрявского, переведенный Мырзагази Есполулы и изданный в 1924 году в Ташкенте. В книге рассказывается о том, как человечество со времен овладения тайной огня благодаря труду и разуму поднялось до вершин цивилизации.
«Новое русло» — учебное пособие, составленное Молдагали Жолдыбайулы и Телжаном Шонанулы и изданное в 1927 году в Кызылорде. Оно направлено на развитие познавательных и языковых навыков учеников начальной школы через художественные образцы казахского устного народного творчества.
«Сила сильнейших» — сборник произведений классиков мировой литературы, переведенных Жусупбеком Аймауытулы и опубликованных в разные годы в периодической печати. В нем глубоко описываются сложные противоречия между человеком и обществом, а также во внутреннем мире человека.
«Жизнь на поверхности земли» — эту книгу Гермяцкого перевел Али Кемелулы и выпустил в 1924 году в Центральном издательстве народов СССР в Москве. В книге рассказывается о происхождении жизни на Земле, ее развитии и эволюционных изменениях в природе. К этой книге была добавлена брошюра «О воде в природе» (перевод Кемелулы из Андренко), изданная в Центральном издательстве Москвы в 1927 году в качестве познавательного учебного пособия, объясняющего природу водных ресурсов на Земле.
«Животные 1» (авторская) — учебник Халела Досмухамедулы, изданный в 1922 году в Ташкенте. Учебное пособие предназначено для углубленного изучения предмета естествознания и системно объясняет природные явления и особенности животного мира с научной точки зрения.
«Животные 2» (авторская) — учебное пособие Халела Досмухамедулы, изданное в 1922 году в Ташкенте, в котором всесторонне описываются строение, жизнедеятельность и взаимосвязь беспозвоночных животных, начиная с низших видов.
«Животные 3» (авторская) — учебное пособие Халела Досмухамедулы, изданное в 1927 году в Ташкенте. Учебник рассказывает о строении тела, жизнедеятельности и размножении животных, относящихся к группе членистоногих.
«Ботаника» (авторская) — учебное пособие Жумакана Кудериулы, изданное в 1927 году в Москве. В учебнике описывается строение растений, их жизненные особенности и значение в сельском хозяйстве.
«Хаджи-Мурат» — труд Л. Н. Толстого в казахском переложении Алихана Букейхана, изданный в 1924 году в Москве. В произведении описывается трагическая и свободолюбивая судьба кавказского героя Хаджи-Мурата, боровшегося за свободу и верность собственной судьбе.
«Сорок первый» — сборник переводов Назипы Кульжановой, опубликованных в разные годы в периодической печати; цель сборника — познакомить казахских читателей с лучшими образцами мировой классической литературы и обогатить национальную культуру гуманистическими и просветительскими идеями.
«Учебное пособие» (авторская) — труд, подготовленный Ахметом Байтурсынулы и изданный в 1927 году в Кызылорде. В соответствии с требованиями времени отдельно вышла в свет лишь вторая часть учебного пособия, в которой рассказывается о тайнах мира и странах земного шара.
«Краткая история Земли» — учебное пособие Т. Тутковского, изданное в 1926 году Центральным издательством в Москве в переводе Алихана Букейхана. В нем системно рассказывается о происхождении Земли, ее геологических периодах и вековых изменениях жизни на ней.
«Гигиена» (написана на основе русских авторов) — учебник Жумагали Тлеулиулы, изданный в 1927 году в Кызылорде, в котором всесторонне изложены анатомия, физиология, гигиена человека, а также основные правила правильного питания и чистоты окружающей среды.
Заказ КГУ «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» (Труды национальных деятелей начала XX века)
| № | Наименование | Количество книг в комплекте шт. | Количество комплектов шт. | Стоимость одного комплекта тенге | Сумма |
Наименование
Количество книг в комплекте шт.
Количество комплектов шт.
Стоимость одного комплекта тенге
Сумма
| 1 | Книжная серия «Мирас» | 35 | 1 | 112 000,00 | 112 000,00 |
Книжная серия «Мирас»