Полный текст
САТЫП АЛЫНАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Автокөлік құралдарын/арнайы техниканы жуу қызметі бойынша
Тапсырыс берушінің атауы:
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Ұйымдастырушының атауы:
ҚР КМ АЖК «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы.
1. Қызметтерді көрсету туралы жалпы мәліметтер және орны
1.1. Өнім беруші осы техникалық ерекшеліктің және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Тапсырыс берушінің автокөлік құралын жуу бойынша қызметтер көрсетуге міндеттенеді.
1.2. Тапсырыс берушінің әкімшілік ғимаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 35/5.
1.3. Қызмет көрсету орны – Өнім берушінің автокөлік жуу орны. Тапсырыс берушінің автокөлігін жедел қызмет көрсетумен қамтамасыз ету мақсатында автокөлік жуу орны Тапсырыс берушінің әкімшілік ғимаратынан 25 км-ден аспайтын қашықтықта орналасуы тиіс. Қашықтық автомобиль жолдары бойынша анықталады.
1.4. Қызмет көрсету мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
1.5. Қызметтердің жоспарланған саны шарттың қолданылу мерзімі ішінде 25 (жиырма бес) автокөлік жуу қызметін құрайды.
1.6. Жоспарланған 25 жуу қызметінің саны Тапсырыс берушінің болжамды қажеттілігіне негізделген есептік көлем болып табылады. Жуу қызметтерінің нақты саны қажеттілікке қарай және Тапсырыс берушінің өтінімдері негізінде айқындалады.
1.7. Жоспарланған 25 жуу қызметінің саны міндетті ең төменгі қызмет көлемі болып табылмайды. Тапсырыс беруші барлық 25 жуу қызметіне тапсырыс беруге және олардың ақысын төлеуге міндеттеме алмайды. Тек нақты көрсетілген, құжатпен расталған және Тапсырыс беруші қабылдаған қызметтер ғана төленуге жатады.
1.8. Қызметтер мынадай автокөлік құралына көрсетіледі:
- Ford Transit Van, мемлекеттік тіркеу нөмірі KZ 049 AR 07 – жоспарланған 25 жуу қызметі.
2. Өтінімдерді беру және қызметтерді келісу тәртібі
2.1. Автокөлік құралын жуу тек Тапсырыс берушінің алдын ала өтінімі бойынша жүзеге асырылады.
2.2. Қызмет көрсетуге арналған өтінімдерді Тапсырыс беруші мына тәсілдердің бірімен жібереді: мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы, телефон қоңырауы арқылы немесе Өнім беруші ұсынған байланыс телефонына WhatsApp мессенджері арқылы. Өнім беруші көрсетілген тәсілдермен келіп түскен өтінімдерді қабылдау және уақтылы өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
2.3. Өнім беруші шарт жасалғаннан кейін Тапсырыс берушіге жедел өзара байланыс жасау және қызмет көрсетуге өтінімдерді қабылдау үшін қолданыстағы байланыс телефон нөмірін, оның ішінде WhatsApp мессенджерінде тіркелген нөмірін ұсынуға міндетті.
2.4. Автокөлік құралын әрбір жуу күні мен қызмет көрсету уақыты көрсетіле отырып, Тапсырыс берушімен алдын ала келісіледі.
2.5. Өнім беруші қызметтерді жұмыс күндері сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін немесе тәулік бойы көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
2.6. Тапсырыс берушінің автокөлік құралы негізсіз күтусіз, кезектен тыс қызмет көрсетілуі тиіс.
2.7. Тапсырыс берушімен алдын ала келісусіз автокөлік құралын жууға жол берілмейді. Алдын ала келісусіз көрсетілген қызмет тиісінше тапсырыс берілген болып есептелмейді және төлеуге жатпайды.
3. Қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
3.1. Өнім беруші Тапсырыс берушінің автокөлік құралының габариттеріне сәйкес келетін, жабдықталған автокөлік жуу үй-жайының (боксының) болуын қамтамасыз етуге міндетті.
3.2. Автокөлік жуу орны қызметтерді сапалы көрсету үшін қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен, жуғыш заттармен және материалдармен жабдықталуы тиіс.
3.3. Автокөлік құралын жуу қызметі мынадай жұмыстарды қамтуы тиіс:
3.3.1. Кузовты жуу:
автокөлік құралының кузовын арнайы жуғыш заттарды қолдана отырып жуу;
кузовтан, әйнектерден, сыртқы айналардан, дөңгелек дискілерінен және басқа да сыртқы элементтерден ластануларды кетіру;
кузовты таза сумен шаю;
кузовты іздер мен жуғыш заттардың қалдықтарын қалдырмай құрғатып сүрту.
3.3.2. Салонды тазалау:
салонды ылғалды тазалау, панельдер мен ішкі беттерін сүрту;
шаңсорғышты пайдалана отырып салонды тазалау;
багаж бөлімін тазалау;
автомобиль төсеніштерін жуу және кептіру;
қолжетімді ішкі беттерді тазалау;
құлып саңылауларын үрлеу және қажет болған жағдайда құлыптарды қатып қалудан қорғауға арналған арнайы құралдармен өңдеу.
3.4. Өнім беруші автокөлік құралдарын жууға арналған және лак-бояу жабынын, пластмасса, резеңке және автомобильдің басқа да элементтерін зақымдамайтын сапалы жуғыш заттарды пайдалануға міндетті.
3.5. Жуу аяқталғаннан кейін автокөлік құралы жүргізушіге таза және тиісті күйде тапсырылуы тиіс.
3.6. Өнім беруші автокөлік құралы автокөлік жуу орнының аумағында болған кезеңде және қызмет көрсету кезінде Тапсырыс берушінің автокөлік құралының сақталуына жауапты болады.
3.7. Өнім берушінің кінәсінен автокөлік құралына, оның ішінде лак-бояу жабынына, кузов элементтеріне, салонына және басқа да бөлшектеріне зақым келтірілген жағдайда, Өнім беруші өз есебінен келтірілген зақымдарды жоюға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтірілген залалды өтеуге міндетті.
3.8. Өнім беруші қызметтерді көрсетудің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге және Тапсырыс берушінің мүлкіне зақым келтірудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
4. Экологиялық және санитариялық заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар
4.1. Қызметтерді көрсету кезінде Өнім беруші Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
4.2. Қызметтерді көрсету кезінде Өнім беруші мынадай нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға міндетті:
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексі;
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі;
автокөлік құралдарын жуу объектілерінің қызметін реттейтін қолданыстағы санитариялық қағидалар мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері.
4.3. Өнім беруші автокөлік құралдарын жуу процесінде пайда болатын сарқынды суларды Қазақстан Республикасының экологиялық және санитариялық заңнамасының талаптарына сәйкес тиісінше жинауды, бұруды және тазартуды қамтамасыз етуге міндетті.
4.4. Заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып тазартылмаған сарқынды суларды топыраққа, жер бедеріне, нөсерлік кәріз жүйесіне және су объектілеріне ағызуға жол берілмейді.
4.5. Өнім беруші автокөлік жуу орнының қызметі барысында пайда болатын қалдықтармен тиісінше жұмыс істеуді және оларды белгіленген заңнама тәртібімен тиісті ұйымдарға немесе объектілерге беруді қамтамасыз етуге міндетті.
4.6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында автокөлік құралдарын жуу объектісін пайдалану үшін экологиялық рұқсаттардың, хабарламалардың немесе өзге де рұқсат беру құжаттарының болуы көзделсе, Өнім беруші олардың белгіленген тәртіппен болуын қамтамасыз етуге міндетті.
4.7. Өнім берушіде I немесе II санаттағы экологиялық рұқсаттың болуы туралы талап автоматты түрде белгіленбейді. Тиісті рұқсат беру құжаттарының қажеттілігі объектінің санатына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
5. Көрсетілген қызметтерді құжаттамалық растау
5.1. Автокөлік құралын әрбір нақты жуғаннан кейін Өнім беруші көрсетілген қызметтерді тіркеу журналына тиісті жазба енгізуге міндетті.
5.2. Тіркеу журналында міндетті түрде мыналар көрсетіледі:
жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты;
қызмет көрсетілген күні мен уақыты;
көрсетілген қызмет түрі;
автокөлік құралының маркасы;
мемлекеттік тіркеу нөмірі;
қызмет көрсету фактісін растайтын жүргізушінің қолы.
5.3. Тіркеу журналындағы жазба автокөлік құралының автокөлік жуу орнына нақты келгенін және тиісті қызметтің көрсетілгенін растайды.
5.4. Тапсырыс берушінің талабы бойынша Өнім беруші тиісті есепті кезең үшін тіркеу журналының көшірмесін немесе одан үзіндіні ұсынуға міндетті.
5.5. Өнім беруші ай сайын Тапсырыс берушіге есепті ай үшін нақты жуу санын және нақты көрсетілген қызметтердің құнын көрсете отырып, көрсетілген қызметтер актісін ұсынады.
5.6. Өнім беруші көрсетілген қызметтер актісін және қажетті растайтын құжаттарды Тапсырыс берушінің қарауы және қол қоюы үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталына тіркеуге міндетті.
5.7. Көрсетілген қызметтер актісі мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тексеріп, қол қойғаннан кейін ғана қабылданған болып есептеледі.
5.8. Тапсырыс беруші актіге тек қызметтер нақты әрі тиісінше көрсетілген және растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда ғана қабылдайды және қол қояды.
5.9. Растайтын құжаттар ұсынылмаған немесе қызметтер тиісінше көрсетілмеген жағдайда, Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының шарты мен заңнамасында көзделген тәртіппен негізделген себептерді көрсете отырып, тиісті қызметтерді қабылдаудан бас тартуға құқылы.
5.10. Көрсетілген қызметтер актісі бекітілгеннен кейін Өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық шот-фактураны және өзге де қажетті құжаттарды ұсынады.
5.11. Көрсетілген қызметтерге ақы төлеу үшін негіз болып мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы екі тарап қол қойған көрсетілген қызметтер актісі, сондай-ақ Өнім берушінің шартта көзделген барлық растайтын құжаттарды ұсынуы табылады.
6. Қызметтердің құнын айқындау және есеп айырысу тәртібі
6.1. Қызметтердің жалпы құны мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша айқындалады және жасалған шартта бекітіледі.
6.2. Бір рет жуу қызметінің есептік құнын анықтау үшін шарттың жалпы сомасы жоспарланған 25 (жиырма бес) жуу қызметіне бөлінеді.
Есептеу формуласы:
Бір рет жуу қызметінің құны = Шарттың жалпы сомасы / 25.
6.3. Бір рет жуу қызметінің алынған құны есептік баға болып табылады және нақты көрсетілген қызметтердің құнын анықтау үшін пайдаланылады.
6.4. Төлем ай сайын тек нақты көрсетілген, құжатпен расталған және Тапсырыс беруші қабылдаған қызметтер үшін жүргізіледі.
6.5. Есепті ай үшін төленетін сома бір рет жуу қызметінің есептік құнын тиісті айда нақты көрсетілген жуу қызметтерінің санына көбейту арқылы айқындалады.
6.6. Егер шарттың қолданылу кезеңіндегі жуу қызметтерінің нақты саны жоспарланған 25 жуу қызметінен аз болса, төлем нақты көрсетілген қызметтер санына пропорционалды түрде жүргізіледі.
6.7. Жүзеге асырылмаған жуу қызметтері үшін ақы төленбейді. Өнім беруші нақты көрсетілмеген қызметтер үшін ақы төлеуді, сондай-ақ пайдаланылмаған көлем үшін өтемақы талап етуге құқылы емес.
6.8. Шарт сомасының пайдаланылмаған бөлігі Өнім берушіге төленуге жатпайды.
6.9. Шарт сомасын өзгерту және тиісті өзгерістерді ресімдеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
6.10. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін түпкілікті есеп айырысу нақты көрсетілген және Тапсырыс беруші қабылдаған қызметтердің саны негізінде жүргізіледі.
6.11. Шарттың бүкіл қолданылу кезеңіндегі төлемдердің жалпы сомасы жасалған шарттың сомасынан аспауға тиіс.
7. Өнім берушінің жауапкершілігі мен міндеттемелері
7.1. Өнім беруші шарттың және осы техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуге жауапты болады.
7.2. Өнім беруші қызмет көрсету кезеңінде Тапсырыс берушінің автокөлік құралының сақталуына жауапты болады.
7.3. Кузовты жууға, салонды тазалауға, жуғыш заттарды, суды, жабдықтарды және басқа да қажетті материалдарды пайдалануға байланысты барлық шығыстар қызметтердің құнына енгізілуі тиіс.
7.4. Осы техникалық ерекшелікте көзделген жұмыстар мен материалдар үшін Тапсырыс беруші тарапынан қосымша ақы төлеу қарастырылмайды.
7.5. Өнім беруші шарттың қолданылу мерзімі ішінде Тапсырыс берушінің өкілімен тұрақты байланысты қамтамасыз етуге міндетті.
7.6. Өнім беруші көрсетілген қызметтердің нақты орындалғанын растайтын құжаттарды уақтылы ұсынуға міндетті.
8. Қорытынды ережелер
8.1. Барлық қызметтер Тапсырыс берушінің өтінімдері бойынша, қызмет көрсету күні мен уақытын алдын ала келісу арқылы ғана көрсетіледі.
8.2. Жоспарланған 25 жуу қызметінің саны міндетті ең төменгі көлем болып табылмайды және Өнім берушіге барлық 25 жуу қызметі үшін ақы төленуіне кепілдік бермейді.
8.3. Тапсырыс беруші тек нақты көрсетілген, құжатпен расталған және қабылданған қызметтер үшін ғана ақы төлейді.
8.4. Жоспарланған көлеммен салыстырғанда қызметтердің аз мөлшері көрсетілген жағдайда, ақы тек нақты көрсетілген, құжатпен расталған және Тапсырыс беруші қабылдаған қызметтер үшін ғана төленеді. Көрсетілмеген қызметтер үшін ақы төленбейді.
Тапсырыс берушінің қызметтер көлеміне нақты қажеттілігі азайған жағдайда, шарт сомасының пайдаланылмаған бөлігі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы 18-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, қызмет бірлігінің бағасы өзгермеген және осы мемлекеттік сатып алу бойынша қалыптасқан үнем шегінде азайтуға жатады.
Қызметтер көлемін және шарт сомасын тиісті азайту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған шартқа өзгерістер енгізу арқылы ресімделеді. Шарттың пайдаланылмаған сомасы Өнім берушіге төленуге жатпайды және Тапсырыс берушінің қарамағында қаражат үнемі ретінде қалады.
8.5. Осы техникалық ерекшелікте реттелмеген барлық мәселелер мемлекеттік сатып алу туралы шартпен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
ТЕХНИЧЕСКАЯ СПЕЦИФИКАЦИЯ ЗАКУПАЕМЫХ УСЛУГ
По услуге по мойке автотранспорта/спецтехники.
Наименование заказчика:
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный центр качества дорожных активов» Комитета автомобильных дорог Министерства транспорта Республики Казахстан.
Наименование организатора:
Филиал РГП на ПХВ «Национальный центр качества дорожных активов» КАД МТ РК по Западно-Казахстанской области.
1. Общие сведения и место оказания услуг
1.1. Поставщик обязуется оказывать услуги по мойке автотранспортного средства Заказчика в соответствии с требованиями настоящей технической спецификации и действующего законодательства Республики Казахстан.
1.2. Место нахождения административного здания Заказчика: Республика Казахстан, Западно-Казахстанская область, город Уральск, улица Жангир хана, 35/5.
1.3. Место оказания услуг — автомойка Поставщика. Для обеспечения оперативного обслуживания автотранспорта Заказчика автомойка должна располагаться в пределах не более 25 км от административного здания Заказчика. Расстояние определяется по автомобильным дорогам.
1.4. Срок оказания услуг: с даты вступления договора в силу по 31 декабря 2027 года.
1.5. Планируемое количество услуг составляет 25 (двадцать пять) моек в течение срока действия договора.
1.6. Планируемое количество 25 моек является расчётным объёмом исходя из предполагаемой потребности Заказчика. Фактическое количество моек определяется по мере необходимости и на основании заявок Заказчика.
1.7. Плановое количество 25 моек не является обязательным минимальным объёмом услуг. Заказчик не принимает на себя обязательство заказывать и оплачивать все 25 моек. Оплате подлежат исключительно фактически оказанные, документально подтверждённые и принятые Заказчиком услуги.
1.8. Услуги оказываются в отношении следующего автотранспортного средства:
Ford Transit Van, государственный регистрационный номер KZ 049 AR 07 — 25 плановых моек.
2. Порядок подачи заявок и согласования услуг
2.1. Мойка автотранспортного средства осуществляется исключительно по предварительной заявке Заказчика.
2.2. Заявки на оказание услуг направляются Заказчиком одним из следующих способов: посредством веб-портала государственных закупок, телефонного звонка либо через мессенджер WhatsApp на контактный номер телефона предоставленный Поставщиком. Поставщик обязан обеспечить возможность приёма и своевременной обработки заявок, поступающих указанными способами.
2.3. Поставщик обязан после заключения договора предоставить Заказчику действующий контактный номер телефона, в том числе номер, зарегистрированный в мессенджере WhatsApp, для оперативного взаимодействия и приёма заявок на оказание услуг.
2.4. Каждая мойка автотранспортного средства предварительно согласовывается с Заказчиком с указанием даты и времени оказания услуги.
2.5. Поставщик обязан обеспечить возможность оказания услуг в рабочие дни с 08:30 до 17:30 либо в круглосуточном режиме.
2.6. Автотранспортное средство Заказчика должно обслуживаться вне очереди, без необоснованного ожидания.
2.7. Мойка автотранспортного средства без предварительного согласования с Заказчиком не допускается. Услуга, оказанная без предварительного согласования, не считается надлежащим образом заказанной и не подлежит оплате.
3. Требования к оказанию услуг
3.1. Поставщик обязан обеспечить наличие оборудованного помещения (бокса) для мойки автотранспортного средства, соответствующего габаритам автомобиля Заказчика.
3.2. Автомойка должна быть оборудована необходимым оборудованием, инвентарём, моющими средствами и материалами для качественного оказания услуг.
3.3. Услуга по мойке автотранспортного средства должна включать следующие работы:
3.3.1. Мойка кузова:
мойка кузова автотранспортного средства с применением специальных моющих средств;
удаление загрязнений с кузова, стёкол, наружных зеркал, колёсных дисков и других наружных элементов;
ополаскивание кузова чистой водой;
протирание кузова насухо без оставления разводов и следов моющих средств.
3.3.2. Уборка салона:
влажная уборка салона с протиранием панелей и внутренних поверхностей;
очистка салона с использованием пылесоса;
очистка багажного отделения;
мойка и сушка автомобильных ковриков;
очистка доступных внутренних поверхностей;
продувание замочных скважин и при необходимости обработка специальными средствами, предназначенными для защиты замков от замерзания.
3.4. Поставщик обязан использовать качественные моющие средства, предназначенные для мойки автотранспортных средств и не повреждающие лакокрасочное покрытие, пластиковые, резиновые и другие элементы автомобиля.
3.5. После завершения мойки автотранспортное средство должно быть передано водителю в чистом и надлежащем состоянии.
3.6. Поставщик несёт ответственность за сохранность автотранспортного средства Заказчика в период нахождения на территории автомойки и во время оказания услуг.
3.7. В случае повреждения автотранспортного средства, включая лакокрасочное покрытие, элементы кузова, салона и иные детали по вине Поставщика, Поставщик обязан за свой счёт устранить причинённые повреждения либо возместить причинённый ущерб в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
3.8. Поставщик обязан обеспечить безопасные условия оказания услуг и принять необходимые меры по предотвращению повреждения имущества Заказчика.
4. Требования по соблюдению экологического и санитарного законодательства
4.1. При оказании услуг Поставщик обязан соблюдать требования действующего законодательства Республики Казахстан в области охраны окружающей среды, санитарно-эпидемиологического благополучия населения и обращения с отходами.
4.2. При оказании услуг Поставщик обязан соблюдать требования следующих нормативных правовых актов:
Экологического кодекса Республики Казахстан от 2 января 2021 года № 400-VI ЗРК;
Кодекса Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения»;
действующих санитарных правил и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан, регулирующих деятельность объектов мойки автотранспортных средств.
4.3. Поставщик обязан обеспечить надлежащий сбор, отведение и очистку сточных вод, образующихся в процессе мойки автотранспортных средств, в соответствии с требованиями экологического и санитарного законодательства Республики Казахстан.
4.4. Не допускается сброс неочищенных сточных вод в почву, на рельеф местности, в ливневую канализацию и водные объекты с нарушением установленных законодательством требований.
4.5. Поставщик обязан обеспечить надлежащее обращение с отходами, образующимися в процессе деятельности автомойки, и их передачу соответствующим организациям или объектам в установленном законодательством порядке.
4.6. Если для эксплуатации объекта мойки автотранспортных средств законодательством Республики Казахстан предусмотрено наличие экологических разрешений, уведомлений или иных разрешительных документов, Поставщик обязан обеспечить их наличие в установленном порядке.
4.7. Требование о наличии у Поставщика экологического разрешения I или II категории не устанавливается автоматически. Необходимость соответствующих разрешительных документов определяется исходя из категории объекта и требований действующего экологического законодательства Республики Казахстан.
5. Документальное подтверждение оказанных услуг
5.1. После каждой фактически осуществлённой мойки автотранспортного средства Поставщик обязан внести соответствующую запись в журнал регистрации оказанных услуг.
5.2. В журнале регистрации обязательно указываются:
фамилия, имя, отчество водителя;
дата и время оказания услуги;
вид оказанной услуги;
марка автотранспортного средства;
государственный регистрационный номер;
подпись водителя, подтверждающая факт оказания услуги.
5.3. Запись в журнале регистрации является подтверждением фактического обращения автотранспортного средства на автомойку и оказания соответствующей услуги.
5.4. По требованию Заказчика Поставщик обязан предоставить копию журнала регистрации либо выписку из него за соответствующий отчётный период.
5.5. Ежемесячно Поставщик предоставляет Заказчику акт оказанных услуг за отчётный месяц с указанием фактического количества моек и стоимости фактически оказанных услуг.
5.6. Поставщик обязан прикрепить акт оказанных услуг и необходимые подтверждающие документы на веб-портале государственных закупок для рассмотрения и подписания Заказчиком.
5.7. Акт оказанных услуг считается принятым исключительно после проверки и подписания уполномоченным представителем Заказчика посредством веб-портала государственных закупок.
5.8. Заказчик принимает и подписывает акт исключительно при условии фактического и надлежащего оказания услуг и предоставления подтверждающих документов.
5.9. В случае непредоставления подтверждающих документов либо ненадлежащего оказания услуг Заказчик вправе отказать в приёмке соответствующих услуг с указанием обоснованных причин в порядке, предусмотренном договором и законодательством Республики Казахстан.
5.10. После утверждения акта оказанных услуг Поставщик предоставляет электронную счёт-фактуру и иные необходимые документы в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
5.11. Основанием для оплаты оказанных услуг является акт оказанных услуг, подписанный обеими сторонами посредством веб-портала государственных закупок, а также предоставление Поставщиком всех предусмотренных договором подтверждающих документов.
6. Порядок определения стоимости услуг и расчётов
6.1. Общая стоимость услуг определяется по результатам государственных закупок и фиксируется в заключённом договоре.
6.2. Для определения расчётной стоимости одной мойки общая сумма договора делится на 25 (двадцать пять) плановых моек.
Формула расчёта:
Стоимость одной мойки = Общая сумма договора / 25.
6.3. Полученная стоимость одной мойки является расчётной ценой и используется для определения стоимости фактически оказанных услуг.
6.4. Оплата производится ежемесячно исключительно за фактически оказанные, документально подтверждённые и принятые Заказчиком услуги.
6.5. Сумма оплаты за отчётный месяц определяется путём умножения расчётной стоимости одной мойки на фактическое количество моек за соответствующий месяц.
6.6. В случае если фактическое количество моек за период действия договора окажется меньше планируемых 25 моек, оплата производится пропорционально фактическому количеству оказанных услуг.
6.7. Оплата за неосуществлённые мойки не производится. Поставщик не вправе требовать оплату за услуги, которые фактически не были оказаны, а также компенсацию за неиспользованный объём.
6.8. Неиспользованная часть суммы договора не подлежит выплате Поставщику.
6.9. Изменение суммы договора и оформление соответствующих изменений осуществляются в порядке и на основаниях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.
6.10. По окончании срока действия договора окончательный расчёт производится исходя из фактического количества оказанных и принятых Заказчиком услуг.
6.11. Общая сумма оплаты за весь период оказания услуг не должна превышать сумму заключённого договора.
7. Ответственность и обязательства Поставщика
7.1. Поставщик несёт ответственность за своевременное и качественное оказание услуг в соответствии с условиями договора и настоящей технической спецификацией.
7.2. Поставщик несёт ответственность за сохранность автотранспортного средства Заказчика в период оказания услуг.
7.3. Все расходы, связанные с мойкой кузова, уборкой салона, использованием моющих средств, воды, оборудования и иных необходимых материалов, должны быть включены в стоимость услуг.
7.4. Дополнительная оплата за работы и материалы, предусмотренные настоящей технической спецификацией, со стороны Заказчика не предусматривается.
7.5. Поставщик обязан обеспечить постоянную связь с представителем Заказчика на протяжении всего срока действия договора.
7.6. Поставщик обязан своевременно предоставлять документы, подтверждающие фактическое оказание услуг.
8. Заключительные положения
8.1. Все услуги оказываются исключительно по заявкам Заказчика с предварительным согласованием даты и времени оказания услуг.
8.2. Плановое количество 25 моек не является обязательным минимальным объёмом и не гарантирует Поставщику получение оплаты за все 25 моек.
8.3. Заказчик оплачивает только фактически оказанные, документально подтверждённые и принятые услуги.
8.4. В случае оказания меньшего количества услуг по сравнению с плановым объёмом оплата производится исключительно за фактически оказанные, документально подтверждённые и принятые Заказчиком услуги. Оплата за неоказанные услуги не производится.
В случае уменьшения фактической потребности Заказчика в объёме услуг неиспользованная часть суммы договора подлежит уменьшению в соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 18 Закона Республики Казахстан «О государственных закупках» при условии неизменности цены за единицу услуги и в пределах сложившейся экономии по данной государственной закупке.
Соответствующее уменьшение объёма услуг и суммы договора оформляется путём внесения изменений в заключённый договор в установленном законодательством Республики Казахстан порядке. Неиспользованная сумма договора оплате Поставщику не подлежит и остаётся в распоряжении Заказчика в качестве экономии средств.
8.5. Все вопросы, не урегулированные настоящей технической спецификацией, регулируются договором о государственных закупках и действующим законодательством Республики Казахстан.